Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Қазақстанда 25 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

2019 жылдың 24 шілде 2019 20:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 25 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Атамекен» ҰКП ғимаратында «QazMai» брендін дамыту» тақырыбында семинар өтеді. Онда май нарығындағы шикізат импорты, соңғы үрдістер және мемлекеттік қолдау талқыланбақ.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Елбасы және халық» кітабының таныстырылымы өтеді.

12.20-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтаудағы цифрландыру тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Оқушылар сарайында Алматы қаласының білім басқармасы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы шаралар туралы брифинг өткізеді.

11.00-де Ақбұлақ базарында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының бастамасымен «Мобильді «Халыққа көмек» акциясы басталады.

Перевод Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай