Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 27 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 26 қараша 2019 20:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 27 қараша күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де №54 мектеп-лицейде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ІІ қалалық Ақселеу оқулары өтеді.

9.30-да «Эталон орталығында» отандық өндірушілерге, зертхана мен сертификаттау органдарының сарапшыларына, министрліктер мен ведомстволар және облыс әкімдіктерінің өкілдеріне арналған семинар-кеңес өтеді.

10.00-де Сенатта «Қазақстанның су қауіпсіздігі: жағдайы, мәселелері және ұсыныстар» тақырыбында парламенттік тыңдаулар өтеді.

10.00-де «Wyndham Garden» қонақ үйінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI есеп беру-сайлау съезі өтеді.

10.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев азаматтарды қабылдайды.

11.00-де «Hilton Astana» қонақүйінде Мәжілістің бастамасымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Президенттік институт: қазақстандық үлгі» халықаралық парламенттік конференциясы өтеді.

11.00-де «Нұрсәулет - 2» бизнес орталығында «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру органдары мен медициналық ұйымдардың жұлын жарықтары бар балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша ынтымақтастығын нығайту аясында дөңгелек үстел өткізеді.

11.00-де «Жекпе-жек» сарайында қоян-қолтық күрестен және армиялық қоян-қолтық күрестен V халықаралық турнир қарсаңында баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Жедел медициналық көмек станциясында ҚР Жедел медициналық көмек қызметінің жұмыс нәтижелері туралы брифинг өтеді.

12.00-де «Әлжан ана» мешітінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Ә. Абаевтың және ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы имамдарының бас қосуы мен «QIWI» электрондық терминалы ашылады.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Бейісбековтер отбасының жеке көрмесі ашылады. Көрмеге талантты әулеттің жетпіске жуық туындылары қойылады.

16.00-де Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасы іс-шараларының онкүндігі аясында «Qazaqstan» орталық концерт залында «Тарихи таңдау» көрмесі ашылады.

18.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» концерті өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де «Ritz Carlton Almaty» қонақүйінде Almaty Investment Forum 2019 өтеді.

10.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан» ғылыми-танымдық жобасы аясында «Ата өнері – ұрпаққа мұра» тақырыбында шеберлік сыныптары өтеді.

10.00-де «Тұран» университетінде «Жасыл кеңсе жобасы қалалық ортаның жаңа үрдісі ретінде» шарасы өтеді.

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстанның кітап нарығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Фариза Оңғарсынованың «Шілде» және «Полдневный жар» кітаптары таныстырылады.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай