Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 316 мың тонна шитті мақта жиналды – ҚР АШМ

2020 жылдың 19 қараша 2020 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда мақта жинау науқаны аяқталғанын хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта елімізде 316 мың тонна шитті мақта жиналды, бұл жоспарланған көлемнің 95%.

Орташа өнімділік гектарына 24,3 ц құрады, өнімнің 84%-ы комбайндардың көмегімен жиналды.

Өнімділік бойынша Түркістан облысының Ордабасы (30,2 ц/га) және Мақтаарал (25,0 ц/га) аудандары көш бастап тұр.

Шаруалар өсірілген және жиналған өнімді 18 мақта өңдеу зауытының 166 қабылдау пунктіне өткізіп жатыр.

Айта кету керек, биыл әртараптандыруға байланысты мақта дақылдарына арналған егіс алқаптары 5,5 мың гектарға азайды. Нәтижесінде көлем 131,2-ден 125,8 мың гектарға дейін қысқарды. Бұл бағаның өсуіне ықпал етті. Қазір шитті мақта тоннасына орта есеппен 160-165 мың теңгеден қабылдануда. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25%-ға жоғары.Былтыр 130 мың теңгеден бағаланған болатын.

Бағаның өсуі мақта өсірумен айналысатын 125 мың қазақстандықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Бұрын хабарланғандай, мақта шаруашылығын қолдау үшін мемлекет ағымдағы жылы төмендетілген бағамен 76 мың тоннадан астам жанар-жағармай, сондай-ақ мың тонна тұқым, 80 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар, 183 мың литр пестицидтер және зиянкестерге қарсы қолданылатын 207 мың бірлік биоагенттер бөлді.

Жалпы алғанда, 2020 жылы ҚР Үкіметі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі 30 мың ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсетті. Сонымен қатар, жалпы құны 6 млрд теңге болатын 891 ауыл шаруашылығы техникасы үшін 1,2 млрд теңге инвестициялық субсидия төленді.


Басты сөздер: Ауыл шаруашылығы, ҚР АШМ,
Жоғары қарай