Қазақстанда 4 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 4 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де ЭКСПО Конгресс-орталығында Азия елдері жазушыларының І форумы өтеді.
10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Нұр-Сұлтан қаласының БАҚ, Денсаулық сақтау басқармасы, медициналық ұйым өкілдері үшін баспасөз турын өткізеді.
11.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланады.
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі бойынша брифинг өткізеді.
15.00-де «Еуроцентр» бизнес орталығында Еуразиялық интеграция институты Президент Жолдауы туралы сараптамалық кездесу өткізеді.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан құрақ шеберлері қауымдастығының ұйымдастыруымен әйгілі қазақстандық және шетелдік шеберлердің туындылары ұсынылатын «Құрақ» көрмесі ашылады.
АЛМАТЫ
10.00-де «Тұран» университетінде Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы талқыланады.
10.30-да «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында KazBuild 2019 және Aquatherm Almaty 2019 халықаралық көрмелері ашылады.
17.00-де Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында IV Baiqonyr International Short Film Festival қысқаметражды фильмдер байқауы ашылады.