Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 41 бала Кавасаки тәрізді синдромға шалдықты

2020 жылдың 1 қазан 2020 20:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 41 бала Кавасакиге ұқсас синдромға шалдықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы мен Нұр-Сұлтанда мультижүйелі қабыну синдромынан екі бала көз жұмды.

«Қайтыс болған балаларға тоқталсақ, оның бірі 15 жаста еді. Ол жүйелі қызыл жегімен ауырды. Бұл ауру ағзаны жүйелі түрде зақымдайды. Баланың қанында коронавирус антиденелері анықталды. Екінші бала 2,5 жаста болды. Ол тромбозбен ауруханға түсті. Сәбидің қан анализінде коронавирус инфекциясы тіркелді», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ведомство мәліметінше, Кавасаки тәрізді синдромға шалдығудың бірінші жағдайы 29 шілдеде тіркелген.

«Шілде айынан бастап ауырған барлық балаларға қатысты мониторинг жүргізілуде. Бүгінде балалар арасында 41 жағдай тіркелді», - деді вице-министр.

Жоғары қарай