Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 6 саладағы тауарларға таңбалау тәртібі енгізіледі

2020 жылдың 17 қараша 2020 09:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда 6 сала бойынша тауар топтарына таңбалау тәртібі енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық тәжірибе тауарларды таңбалау – сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге бағытталған пәрменді құралдың бірі екенін дәлелдейді. Мысалы, Бразилия мен Түркияда алкогольді және алкогольсіз сусындар сегментінде салықтардың жиналу көрсеткіші 20% және 142%-ға өскен. Еуропалық Одақ елдерінде цифрлық қадағалау жүйесі 5 жыл ішінде контрабандалық өнім айналымын 30%-ға төмендетті. Америка Құрама Штаттарында дәрі-дәрмекті таңбалау қайтарып алу процесін 3 күннен 10 секундқа дейін жеделдетуге мүмкіндік берді», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша Қазақстанда да 6 сала бойынша таңбалау тәртібін енгізу көзделген. Таңбаланатын тауар топтарында көлеңкелі нарық көлемі сараптамаларға сәйкес 63%-ға дейін жетеді.

«Осы тауар топтарын таңбалауды енгізу арқылы, заңды тауар айналымының көлемі 337 миллиард теңгеге, ал бюджет кірістері 58 миллиард теңгеге артатыны болжанып отыр», - деді ол.


Жоғары қарай