Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда 6 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылдың 5 тамыз 2020 21:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 6 тамыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 16.20-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің қазіргі жағдайы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы Әсет Оспанов, ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі Арман Мұтжан .

АЛМАТЫ

Алматы қаласының аймақтық коммуникацялар қызметінде сұхбат форматында бірқатар спикер сөз сөйлейді:

Сағат 12:30 – COVID-19 профилактикасы және емі туралы - медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан медициналық университетінің микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры Раушан Тиесова-Бердалина;

Сағат 14:00 - пандемия кезіндегі перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының жұмысы туралы - Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.

Сағат 16.00-де Алматы қаласының аймақтық коммуникацялар қызметінде тұрғын үйлерді газдандыруды несие бойынша жүргізу мәселелеріне қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер:

1. Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Әсет Масабаев;

2. Халық банкінің Алматы облыстық филиалының директоры Тасбике Құдықова;

3. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АльПФ директорының бірінші орынбасары Қайсар Амангелдиев.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай