Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда 608 мыңнан астам адам баспанаға мұқтаж

2022 жылдың 24 мамыр 2022 15:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 608 мыңнан астам адам тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік басым бағыттардың бірі – тұрғындардың баспана мәселесін шешу. Қазіргі уақытта 608 мыңнан астам қазақстандық баспанаға мұқтаж. Оның ішінде 242 мың адам әлеуметтік осал топ санатына жатады, 85 мыңнан астам көпбалалы отбасы және 217 мыңнан астам бюджет саласы қызметкерлері бар. Сонымен қатар ата-ана қамқорлығынан айырылған 60 мыңнан астам жан тұрғын үй кезегінде тұр», - деді Әзімбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.

«Атап айтқанда, өңір әкімдіктері сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспаналар салып жатыр. Сол секілді кредиттік тұрғын үйлер бар. Одан бөлек, биыл 18 сәуірден бастап жекелеген санаттарға жататын азаматтардан «Отбасы банк» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй ақысын төлеуге субсидия алуға өтініш қабылданып жатыр. Мемлекеттен субсидия алуға көпбалалы отбасылар, 1, 2-топтағы мүгедек жандар, жетім балалар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар құжат тапсыра алады», - дейді ол.


Жоғары қарай