Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 7 мыңнан астам адамның азаматтығы жоқ - ІІМ

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 14:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2016-2018 жылдары азаматтығы жоқ адамдар саны 1,2 есеге өсті. Бұл туралы Мәжіліс депутат Бейбіт Мамыраев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша шетелдіктердің Қазақстанның көші-қон заңнамасын 2016-2018 жылдары бұзу динамикасы тұтастай алғанда өзгерген жоқ. Сонымен қатар, азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын бұзу динамикасы едәуір бұзып отыр. Статистика көрсетіп отырғандай, егер 2016-2018 жылдары азаматтығы жоқ адамдар саны 1,2 есеге ғана ұлғайған болса, азаматтығы жоқ адамдар жасаған бұзушылықтардың саны 4,5 есеге өскен», - деді Б. Мамыраев.

Осыған байланысты ол ҚР ІІМ өкілінен азаматтығы жоқ адамдар жасаған бұзушылықтардың өсуіне қатысты, сондай-ақ министрлік бұзушылықтардың жолын кесу үшін қандай шаралар қабылдап жатқандығын сұрады.

Өз кезегінде ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев статистика бойынша 2016-2019 жылдар аралығында көші-қон заңнамасын бұзған адамдар саны азайып бара жатқанын атап өтті.

«Бірақ жаңағы азаматтығы жоқ адамдардың заң бұзуы статистика бойынша аздап өскен. Оның себебіне тоқталсақ, бізде қазір елімізде 7 мыңнан астам азаматтығы жоқ адамдар бар. Бұл кісілердің жасайтын заң бұзушылықтары негізінен Қазақстанда тіркеусіз тұруы, куәліктерінің күші жойылған немесе куәлігін жоғалтуына қатысты. Яғни, мұның барлығы біз жүргізген рейдтік және тексеріс шаралары кезінде анықталған құқық бұзушылықтар. Дегенмен, бұл фактілер көші-қон ахуалы жағдайының нашарлауына ықпал етпейді», - деді Марат Қожаев.

Жоғары қарай