Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Қазақстанда 7 мыңнан астам шетелдік көлік халықаралық жүктерді заңсыз тасымалдаған

2019 жылдың 20 қараша 2019 18:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Жыл басынан бері елімізде 7 мыңнан астам шетелдік көлік халықаралық жүктерді заңсыз тасымалдаған. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз брифингінде ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ахуал орталығы басшысы Қуаныш Ермұханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың басынан бастап көліктік бақылау бекеттерінде 72 510 шетелдік көлік құралы тексерілді, оның ішінде 7410 көлікке сыртқы шекарада ескертпе қағаздары берілген. Яғни, бұл ескерту хабарламалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына кірген кезде шетелдік жүк көліктерінің біздің заңнамамызды бұзғандығының дәлелі», - деді Қуаныш Ермұханов.

Оның айтуынша, ЕЭО шеңберіндегі келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес, шетелдік тасымалдаушыға ескертпе қағазы берілсе, ол міндетті түрде жақын жерде орналасқан кедендік бақылау бекетінде алған ескертпесін орындайтынын құжат арқылы дәлелдеуі керек. Тек сол кезде ғана инспекторлар оған бір айға рұқсат береді.

Сонымен қатар, спикер үстіміздегі жылдың 15 қарашасынан бастап Көлік комитеті ішкі мүдделерді қорғау мақсатында көліктік бақылауға бағытталған акция жарияланғанын атап өтті.

«Осы акция аясында шетелдік автокөліктерге қатысты бақылау және алдын алу шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күні заңбұзушылық фактілері анықталып жатыр. Науқан қорытындысы бойынша тиісті шаралар әзірленіп, қабылданатын болады», - деді Қуаныш Ермұханов.

Жоғары қарай