Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 8,2 млн адам вакцина салдырды

2021 жылдың 27 қазан 2021 08:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 27 қазандағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап..

27 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 8 212 313 адам вакцина салдырды, II компонентпен 7 393 113 адам егілді.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 989 921 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 931 567 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 963 899 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 870 789 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 860 074 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 757 733 адам екінші бөлігін қабылдаған.





Жоғары қарай