Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда 8,7 млн адам коронавирусқа қарсы толық вакциналанды

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 11:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 182 136 адам, 2-ші компонентін 8 751 872 адам салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындарды вакциналау қарқыны жоғары өңірлер:

- Түркістан облысы – 1 040 753 (28 қаңтардағы мәлімет – 1 040 466 адам);

- Алматы қаласы – 1 033 000 (1 032 670);

- Шығыс Қазақстан облысы – 904 490 (904 469);

- Алматы облысы – 863 566 (863 186);

- Жамбыл облысы – 596 495 (594 633).

Ел астанасында коронавирусқа қарсы толық егілгендер саны – 453 976 (28 қаңтардағы мәлімет – 453 861 адам)





Жоғары қарай