Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Қазақстанда 8 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 8 тамыз 2019 19:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 8 тамызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Сарыарқа ауданы әкімдігінің Front office (1 қабат) жобасының алаңында Мемлекет басшысының «Еститін мемлекет» тұжырымдамасына көшу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әрбір жергілікті атқарушы органда тұрғындармен тікелей және кері байланыс орнату үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң құру жолымен «Сарыарқа» ауданының барлық тұрғындары үшін «Ашық әкімдік» өтеді.

Сағат 11.00-де Денсаулық сақтау министрлігінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін пилоттық жүйесінің Қарағанды облысында пилоттық режімде іске қосылуына байланысты жұмыс тобының отырысы өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің 2019 жылдың I жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ғимаратында «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар» тақырыбымен Bolashaq талқылау клубының кезекті отырысы басталады.

Сағат 16.00-де NH15-K эвакуациялық респираторын өндіру бойынша «Akbarys Protection» жаңа зауытының салтанатты ашылуы өтеді.

Сағат 17.00-де «Қазақстан құрылысшылар одағы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып, дәстүрлі түрде осы салада еңбек сіңірген жұмысшыларды «Құрметті құрылысшы» және «Еңбек сіңірген құрылысшы» төс белгілерімен марапаттайды.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де қалалық әкімдікте алтыншы сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.

Сағат 10.00-де «ATAKENT» КДО АҚ саябақ аймағында «Журналистер аллеясының» салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шара аясында «ATAKENT» президенті М.М. Мақыпованың, сондай-ақ «Атакент достары клубы» ҚБ президенті Б. А. Баякешовтың қатысуымен алма ағашының алпыс көшеті отырғызылады.

Сағат 11.00-де Holiday Inn Almaty-де Think Tank Aspandau сараптамалық-пікірталас клубының отырысы өтеді.

Сағат 13.00-де SmArt.Point «AFEW Kazakhstan» қоғамдық қоры АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен АИТВ-ға қарсы іс-қимыл жобасы аясында «Шегінде» фотокөрмесін өткізеді. Көрменің мақсаты - адамдардың бұрынғы қамаудағыларға деген қарым-қатынасын өзгерту, қоғамда төзімді, бұрынғы қамаудағыларды әлеуметтендіру үшін қолайлы ортаны құру болып отыр.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай