Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынады - ҚР Президенті

2020 жылдың 25 қараша 2020 12:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін білім және мәдениет саласын өркендетуге, жастарды қолдауға баса мән беруіміз керек. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Соның арқасында біз апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешеміз» - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлық мектептер интернетпен, компьютермен және пән кабинеттерімен қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.

«Ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде орналасқан 5 мыңнан астам мектеп жаңартылуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай