Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда Абай күнін белгілеу ұсынылды

2020 жылдың 27 маусым 2020 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Абай күнін бекіту ұсылынып отыр. Жаңа мереке туралы «Ашық ҮЕҰ» порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қаулысына сәйкес, Абай күнін 10 тамызға белгілеу ұсынылды.

«Аталған қаулыға сәйкес бекітілген Қазақстандағы мерекелік даталардың 22-1 пункіттерін мынадай мағынадағы сөздермен толықтыру керек. «22-1. 10 тамыз - Абай күні»,-делінген құжатта.

Аталмыш ұсынысты талқылау 13 маусымда өтеді. Ұсыныс-пікірлерді «Ашық ҮЕҰ» порталына жазып қалдыруға болады.

Айта кетейік, биыл қазақтың ұлй ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады.


Басты сөздер: #Аbai175, Қоғам,
Жоғары қарай