Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда әкімшілікті істерді сотқа электронды түрде жіберу тетігі әзірленіп жатыр

2021 жылдың 19 ақпан 2021 14:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда әкімшілікті істерді сотқа электронды түрде жіберу тетігі әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы қысқа уақытта әрі тез әзірлеуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша дайындалды. Республика бойынша Ішкі істер органдарының 14 мыңнан астам қызметкеріне электронды хаттама толтыру үшін планшет берілген. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай, Өскемен, Талдықорған, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Тараз, Қарағанды, Петропавл, Ақтау, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Түркістан қалалары бойынша фото, бейне-тіркеу жүйелерімен интеграциялау жүргізілді.

«Құқық бұзушыларға айыппұлдар бойынша нұсқамаларды уақтылы жеткізу мақсатында «Қазпошта» АҚ гибридті электрондық поштасы және SMS хабарлама қызметі пайдаланылады. Айыппұлдарды автоматты түрде өтеу бойынша «Қазпошта» АҚ және екінші деңгейдегі 19 жетекші банкпен интеграция жүргізілді. Бұл азаматқа айыппұлды құқық бұзушылық жасалған жерде банк картасымен немесе аталған банктердің касса бөлімшелерінде, терминалдарда, сонымен қатар мобильді қосымшалар арқылы және «qamqor.gov.kz» сайтында төлеуге мүмкіндік береді. Жүйедегі айыппұл автоматты түрде өтеледі. Бұл оны қайта төлеу мүмкіндігін болдырмайды»,- деді Бас прокуратурадан.

Қазіргі уақытта Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті материалдарды сотқа электронды форматта жіберу бойынша қызметті іске қосу бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа, шетелдік нөмірі бар автокөлік иелеріне қатысты фото-бейнетіркеу құрылғыларымен анықталған құқық бұзушылықтар бойынша нұсқамалар жасау мүмкіндігі қарастырылуда.

«2020 жылы елімізде ішкі істер органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 394 855 хаттама толтырды. Оның ішінде электронды форматта – 2 792 444. Бұл жалпы санның 82,3 пайызын құрайды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 2 189 402 хаттама жасалды. Оның ішінде электрондық форматта – 2 001 844. Бұл жалпы санның 91,4 пайызына тең», - деді ведомстводан.


Жоғары қарай