Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн райы қандай болады

2021 жылдың 29 шілде 2021 11:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 29-31 шілдеге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай жарқылдайды. 30-31 шілде аралығында - шығыста, 31 шілдеде - оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

«Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болмақ. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градусқа, солтүстік пен шығыста 23-33 градусқа, орталықта 25-37 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай