Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жетіспеушілігі жоқ – АШМ

2020 жылдың 12 наурыз 2020 20:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі халықтың азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта аймақтардағы тұрақтандыру қорларында, өндірушілердің қоймаларында, сауда-саттық ұйымдары мен өзге де сақтау қоймаларында 12 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бар. Бұл көлем азық-түліктің түрлеріне байланысты 1 жылдан 6 айға дейін жеткілікті. Азық-түлік тауарларының өндірісі тоқтамайды. Тұрақты қор баршылық», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

Азық-түліктер мен тауарлар өндіріс орнынан сауда орталықтары мен базарларға жоспарланған кесте бойынша жеткізіледі.

«ҚР Үкіметі азық-түліктің негізгі түрлерінің әдейі қымбаттап кетуін болдырмау шараларын жүзеге асырып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларын бақылауда ұстауда», - деп хабарлайды министрліктен.

АШМ сонымен қатар ҰР Ұлттық экономика министрлігінің бәсекені қорғау және дамыту комитеті нарық субъектілерінің баға бойынша сөз байласуына болдырмау үшін бақылауды күшейткенін хабарлайды. Мұндай жағдайда нарық субъектілеріне айыппұл санкциялары енгізілмек.

«Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз. Егер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өскенін байқасаңыз, +7 7172 74-96-71 нөміріне немесе Телеграм арнасына хабарласуға болады», - деп хабарлайды АШМ-нан.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР АШМ, Азық-түлік,
Жоғары қарай