Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда алимент төлеу қорына 38 млн теңге жиналған – министр

2020 жылдың 30 қараша 2020 17:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев алимент төлеу қорына 38 млн теңге жиналғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Алимент қорына жиналған жалпы сома – 38 миллион теңге. Алайда бұл соманың қалай жұмсалатынын білмеймін. Себебі Әділет министрлігі осы процеске қатыспайды. Бұл бюджеттің қаражаты емес, сот орындаушылардың қоры. Жиналған қаражат қалай жұмсалатынын солардан сұрау керек», - деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша алимент төлеуден бас тартқан адамдарға қосымша ықпал ету талаптары қарастырылып жатқан жоқ. Бұған дейін министрлік алимент төлемеген азаматтармен жұмыс жүргізу үшін құқық қорғау органдарымен және барлық әкімдікпен меморандумға қол қойған. Соның арқасында алимент төлеуден жалтарған 2,5 мың адам жұмысқа орналастырылған.

Еске сала кетсек Марат Бекетаев алимент төлеушілерге арналған көмек қорын құру мәселесін былтыр көтерген болатын.



Жоғары қарай