Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2021 жылдың 10 мамыр 2021 13:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуелі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды .

Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі. Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының м. а. болып бастаған. 2004-2011 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму Банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды. 2014-2016 жылдары — «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры. 2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

Сондай-ақ, «Еегемен Қазақстан» және «Казахстанская Правда» газеттері бір акционерлік қоғамға біріктіріліп, оның басқарма төрағасы қызметіне Дархан Қыдырәлі тағайындалды.

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі 1974 жылдың 16 сәуірінде сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшеcі (2017), Халықаралық түркі академиясының президенті (2014 жылдан).

2001-2005 ж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.

2005-2006 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.

2006-2007 ж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.

2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.

2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.

2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады.

2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

Апта ішінде Ақтөбе облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды . Оның бірі – Бұлбұл Елеусінова.

Бұлбұл Елеусінова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Қобда ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Қобда ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы ішкі саясат бөлімінің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі, Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды.

Сондай-ақ, Жақсығали Иманқұлов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол Орынбор ауыл шаруашылығы институтын, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы «Мағаджан» кеңшарында мал дәрігері, аға зоотехнигі, «Мағаджан» кеңшарының директоры, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе аумақтық басқармасы шекарадағы және көліктегі мал дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысының жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын, Тобыл-Торғай экология департаментін, Ақтөбе облысы бойынша экология департаментін басқарды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарды.


Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Саят Шаймин тағайындалды.

Саят Шаймин 2011 жылдан 2015 жылға дейін «Қарағанды жолдары» ЖШС еңбек етті. Қатардағы маманнан бөлім бастығына дейінгі мансап жолын өтті.

2015 жылы «ҚазАвтоЖол» АҚ бас маманы, кейін күрделі жөндеу басқармасында бас менеджер болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.


ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы «Чапаев» асыл тұқымды мал зауытында жұмысшы болып бастаған.

1986 жылдан 1990 жылға дейін өңірдің комсомол ұйымдарында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 1990-1997 жылдары – Орал облыстық Қазақстан Жастар одағының хатшысы-идеологиялық бөлімінің меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы.

1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор және ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

2001-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.

2007-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2016 жылғы қазанда ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

2017 жылғы наурызда – «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары.

2019 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Осы жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеді.


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Әділ Жанзақов ҚР Тұңғыш Президенті Протоколы бастығының орынбасары қызметін атқарып келді. Елбасының шемімен ҚР Тұңғыш Президенті Протоколының бастығы Дандыбаев Аслан Момышұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен бостатылды.


Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәндібаев Арслан Момышұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Арслан Момышұлы Дандыбаев 1975 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар, референт мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы, атташесі болып бастады.

Әр жылдарда Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Консулдығының, ҚР-ның Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, ҚР-ның Амсердам қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы, ҚР-ның Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, ҚР-ның Түркия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің бастығы, ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты, ҚР Бас консулдығының кеңесшісі, ҚР Стамбул қаласындағы Бас консулы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің Басшысы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Протокол қызметінің Басшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің Басшысы, ҚР Президенті Протоколы Басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың наурызынан – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының Басшысы болды.


Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы болып Светлана Нарешова тағайындалды.

Светлана Болатқызы 1972 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын қаржыгер-экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1991 жылы сақтандыру мекемесінің инспекторы болып бастады.

1992-2000 жылдары есепші, 2000 жылдан 2005 жылға дейін Маңғыстау облыстық қаржы басқармасында бас маман, 2005 жылдан 2013 жылға дейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды.

Қаныбек Жұмашев 1970 жылы 10 қазанда Маңғыстау облысы Ералиев ауданы Жетібай ауылында туған.

1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

1992-1993 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Каражанбасмунай» АҚ инженері.

1993-1995 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы политехникалық колледж мұғалімі.

1995-1997 жылдары Жаркент қаласында Қарулы күштер сапында қызмет етті.

1997-1998 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №5 орта мектебінің мұғалімі.

1998-2000 жылдары Маңғыстау облысының Білім беру басқармасының жетекші маманы.

2000-2004 жылдары Маңғыстау облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.

2004-2005 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру басқармасы меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының қызметін атқарушы.

2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары.

2005-2006 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі.

2006-2007 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру департаментінің директоры.

2007-2010 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының басшысы.

2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары.

2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2015-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Xатшысы.

2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2020-2021 - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.

Жоғары қарай