Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда әрбір алтыншы кәсіпорын Алматыдан ашылған

2021 жылдың 26 мамыр 2021 22:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанның әрбір алтыншы кәсіпорны Алматыдан ашылған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфир кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыны дамытудың негізгі қорғаушы күші – бизнес және адамдар.

Мегаполис еліміздің ең креативті, бастамашыл және білімді адамдарын өзіне тартуда.

Бүгінде қала экономикасының 45%-дан астамын жеке бизнес қалыптастырып отыр. Қазақстанның әрбір алтыншы кәсіпорны Алматыда ашылған.

Алматыда жұмыс істейтін халықтың 70 пайызға жуығы жоғары білімді. Қалада еліміздегі ең үздік шығармашылық кадрлар шоғырланған, оларды жыл сайын 39 жоғары оқу орындары дайындайды.

Қалалық және аймақтық бағдарламалар аясында нақтылы сұранысқа ие мамандар бойынша жұмыссыздар кәсіптік білім алып, қайта даярланып және біліктілігін арттырып жатыр.

Былтыр «Еңбек» бағдарламасы бойынша мыңнан астам адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті.

2020 жылы кәсіпкерлерді оқытуға арналған Edu.almatybusiness порталы іске қосылды, онда білім бойынша 200-ден астам видеоролик жарияланған.

Порталда 110 мыңнан астам қолданушы тіркелген. Бұл тәжірибе биыл да жалғасады.

«Ұсақ істерден бастап, біз ауқымды мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыс істейміз. Бүгінде Алматыда агломерацияны қосқанда үш миллионнан астам адам тұрады. Демек, таяу жылдары экономиканың едәуір өсуін қамтамасыз етіп, қосымша құны жоғары және экспорттық әлеуеті бар жаңа секторларды және мыңдаған жұмыс орындарын ашып,еңбек өнімділігін арттыруымыз қажет», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, адами капиталды дамытуға бағытталған экономикалық саясатта қолданылатын тиімді әдістер бизнес жүргізуге қолайлы қала құруға мүмкіндік берді.

Мегаполис одан әрі дамуында тұрақты даму бағытында ЭЫДҰ стандарттарына және әлемдік озық тәжірибеге жүгінетін болады.

Жергілікті реформаларды жүзеге асырудағы жаһандық пайымы Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында көрініс тапқан.


Жоғары қарай