Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда әскери қызметшілерге берілетін қаржылай көмек 30 пайызға артады

2020 жылдың 19 қараша 2020 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем 3 жыл ішінде 30 пайызға артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

– Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол әскерилерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау мәселесіне тоқталды.

Президент келесі жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлемді орташа есеппен 30 пайызға көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады.


Жоғары қарай