Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қазақстанда автобус тасымалы көбейіп, такси тұтынушылары азайды

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 20:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жолаушылар тасымалы бір жылда 3,5%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom.kz ресурсына сілтемемен.

2019 жылы Қазақстанда 4,2 млрд тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3,3%-ға көп. 2018 жылы бұл көрсеткіш 4,1 млрд тоннаны құраған.

Он екі айдағы жүк айналымы 609,3 млрд тоннаны құрап, бір жылда 2,2% өсімді көрсеткен.

Жүк көліктері барлық жүк тасымалының 83,8% құрады (3,6 млрд тонна). Тағы 0,4 млрд тонна жүк (тасымалдаудың 9,6%) теміржол көлігімен тасымалданған.

2019 жылдың 12 айында жолаушылар тасымалы бір жыл бұрынғы 23,02 млрд жолаушыға қарағанда 23,83 млрд жолаушыға жетті (өсім 3,5%). Жолаушылар айналымы 295,2 млрд шақырымға жетті, бұл көрсеткіш бір жылда 4,9%-ға өсті (2018 ж. - 281,5 км.).

Әдетте жолаушылар тасымалы бойынша негізгі ауыртпалық автомобиль және қалалық электрлік көліктеріне түседі: бұл сегментте 2019 жылы 23,8 млрд жолаушы тасымалданды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 22,99 млрд адамды құраған (өсім 3,5%).

Көлік түрлері бойынша негізгі тасымалдаушы – автобустар (17,5 млрд жолаушы – өткен жылғы көрсеткіштен 5,9% көбірек) мен такси (6,2 млрд жолаушы – өткен жылғы көрсеткіштен 2,9% аз) болып отыр.

2019 жылы әуе көлігімен 8,6 миллион жолаушы сапарлаған, ал бір жыл бұрын - 7,9 миллион жолаушы тасымалданған еді (9,6% өсім).

Жолаушылар мен жүк тасымалы қызметтерін ұсынатын кәсіпорындардың кірісі 2018 жылы 2,8 трлн теңге болса, 2019 жылы 3,1 трлн теңгені құрады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Көлік, Статистика,
Жоғары қарай