Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда әйел зорлауға оқталғандарды жазалайтын заң жоқ – Дина Смаилова

2021 жылдың 23 қараша 2021 00:48

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қазақстанда зорлық жасағысы келгендерді жазалайтын заң жоқ. Сол себепті «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова заңға өзгеріс енгізу керектігін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дина Смаилова Қаскелеңде Өзбекстан азаматы оқушы қызға тап берген оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Менің ойымша, бұл адам педофил. Ойлаңыздаршы, арқасында сөмкесі бар оқушыдан не алуға болады? Тонайтын несі бар оның? Өкінішке қарай, біздің елде зорлық жасағысы келгендерді жазалайтын заң жоқ. Сондықтан педофилдің әрекетін дәлелдеп шығу өте қиын. Сол себепті, заңға өзгеріс енгізу керек. Ұсталған адам Өзбекстан азаматы болғандықтан, көші-қон тәртібін бұзғандықтан 30 тәулікке қамалды. Егер жергілікті тұрғын болса, ол бостандықта жүретін еді. Мұндай адамдар қоғамға өте қауіпті», - дейді «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова.

Естеріңізге келе кетейік, Алматы облысында Өзбекстан азаматы тапа-тал түсте оқушы қызға тап бергенін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай