Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда әйелдердің жұмысын ілгерілетуде табысты көрсеткіштерге қол жеткізілді – Аида Балаева

2022 жылдың 5 наурыз 2022 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қызметтің барлық саласында әйелдердің жұмысын ілгерілету тұрғысында табысты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бұл туралы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесінде әйелдердің рөлі тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі жиында бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылаймыз. Қазіргі кезде осы тақырыпта жан-жақты әрі маңызды диалог қажет екенін белгілі. Әлемдегі қазіргі ахуал шиеленіс пен тұрақсыздықтың ушығуын байқатып отыр. Қақтығыстардың теріс салдары тұтас өңірлерге қауіп төндіріп, тұрақсыздықты тудырады», - деді А. Балаева ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен жиында.

Осы орайда ол бұл тұрғыда 2010 жылы қабылданған «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өтті.

«Бұл қарар, сондай-ақ кейінгі сегіз құжат соғыс пен бейбітшіліктің гендерлік өлшемдерін және қақтығыстарды тоқтату мен шешуде әйелдердің маңызды рөлін мойындатуға ықпал етті. Осымен әйелдерді бейбіт келіссөздер процестеріне көптеп тарту, гуманитарлық іс-қимыл мен шиеленістен кейінгі қалпына келтіруге қатысуы құқығы бекітілген. Әйелдердің қауіпсіздігі мен теңдігі болмайынша тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес екені белгілі. Қазақстан тарапы әйелдерді мемлекет қызметінің барлық саласында ілгерілету және әйелдер мен қыздарды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін қабылданған тиімді әрі институционалды шаралар деңгейінде тиісті табыстарға қол жеткізді», - деді А. Балаева.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілгенін, онда барлық мәселелер қамтылғанын еске салды.


Жоғары қарай