Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда балаларға ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік беретін бағдарламаға сұраныс болмай отыр

2022 жылдың 20 сәуір 2022 19:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда отбасылық туризмге арналған жаңа Kids Go Free бағдарламасы әлі сұранысқа ие емес. Себебі, елімізде туристік маусым әлі басталған жоқ. Kazakh Tourism компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов алғашқы нәтижелер жаздың ортасында шығарылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сұраныс әлі үлкен емес. Өйткені бағдарлама жаңа және бұрын жүзеге асырылмаған. Механизм тарапынан түсінбеушілік бар. Сонымен қатар, туристер арасында білімнің аздығы да әсер етіп жатыр. Қазір осы екі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бағдарлама туристік операторлар арқылы іске асады. Олар осы пакеттерді сатады, сосын мемлекеттен субсидия алады. Сондай-ақ бағдарламаға қатысты ұсыныстарын айтады. Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз»,-дейді Қайрат Сәдуақасов.

Оның айтуынша, жобаны халық арасында насихаттау мақсатында үлкен жарнама жасалады.

«Демалыс маусымы басталмағандықтан сұраныс көп емес. Алғашқы нәтижелерді жаздың ортасына қарай қорытындылай аламыз. Бұл бірінші пилоттық жыл. Нәтижесі бойынша субсидияны көбейту немесе азайту мәселесі қаралады. Біраз өзгерістер енгіземіз», – деп атап өтті Қайрат Сәдуақасов.

Қазақстан туроператорлары қауымдастығының президенті Инна Рей де бағдарламаны пысықтау керектігін айтты.

Еске салайық, биылдан бастап екі жастан он төрт жасқа дейінгі балалар Қазақстанда ұшақпен тегін ұша алады.



Жоғары қарай