Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда бір айда КВИ жұқтырғандар саны 3,7 есе өсті

2020 жылдың 27 қараша 2020 16:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирустың таралуы жағынан Қазақстан орташа қауіпті деңгейде тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті бес өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген. Олар: ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Алматы қаласында да вирус жұқтырғандар өсуде. Қалған өңірлер жасыл аймақта болғанымен, коронавирус аурулары ол аймақтарда да тіркелуде. Республикада қазанмен салыстырғанда қарашада КВИ-ге шалдыққандар 3,7 есе өскен. Еліміздегі барлық жағдайдың 70 пайызы – қызыл аймақта тұрған бес өңірлеріне тиесілі», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аймақ әкімдері қоғамдық тамақтану орындарына келушілердің санын шектеу, кәсіпкерлік және өзге де қызмет нысандарының жұмыс кестесін қысқартуға, демалыс күндері қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтату сынды қатаң шараларды қабылдаған.

Ал Шығыс Қазақстанда қазан айының ортасынан бастап енгізілген шектеу шараларына байланысты қарашаның екінші онкүндігінде сырқаттанушылар саны сәл төмендеген.


Жоғары қарай