Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда бірқатар мемлекеттік органның қызметке қабылдау шарттары жеңілдетілді

2020 жылдың 6 тамыз 2020 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бірқатар мемлекеттік органның қызметке қабылдау шарттары жеңілдетілді, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавирус індеті тарап жатқан тұста денсаулық сақтау органдарында мемлекеттік қызметке тағайындауды және конкурстық рәсімдерді жеделдетіп жүргізу мәселесін пысықтауды тапсырған болатын. Бұл ретте карантин кезеңінде Үкіметтің әлеуметтік блогына жүктелген ағымдағы және алдағы міндеттерді ескере отырып, жеделдетілген конкурстық рәсімдерді халықты әлеуметтік қорғау (ағымдағы жағдайларда әлеуметтік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерге байланысты) және білім беру (пандемия кезеңінде үздіксіз білім беру процесін сапалы ұйымдастыру жөніндегі міндеттерге байланысты) салаларындағы органдарға тарату туралы шешім қабылданды»,-делінген хабарламада.

Осыған қарай, конкурстық рәсімдердің мерзімін қысқарту осы органдардағы бос жұмыс орындарын жедел толтыруға, ведомстволарға жүктелген осы міндеттерді уақтылы орындауға ықпал етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2020 жылдың 22 шілдедегі бұйрығымен конкурсты өткізу Ережесіне тиісті түзетулер енгізілді.

«Мәселен, енгізілген түзетулерге сәйкес, карантин кезеңінде денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ әкімдіктердің денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім беру саласындағы бөлімшелері лауазымдарына конкурстар өткізу мерзімі қысқартылды. Осылайша, конкурстық рәсімдер жиырма екі күннен төрт күнге дейін қысқартылды»,-делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.


Басты сөздер: Мемлекеттік қызметші, Заң,
Жоғары қарай