Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда бизнес субъектілеріне жоспарлы салыққа тексерулер жүргізілмейтін болды

2020 жылдың 23 маусым 2020 09:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жыл соңына дейін бизнес субъектілеріне жоспарлы салыққа тексерулер жүргізілмейді.

Бұл туралы бизнесті қолдау мәселелері бойынша өтіп жатқан Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап үш жылға шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілгенін білесіздер. Сонымен қатар жылдың соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектілері үшін жаңа жоспарлы салықтық тексерулер жүргізілмейді», - деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлердің «адалдық» презумпциясы қолданыста. Бұл заңнамадағы әртүрлі түсініктерді адал кәсіпкерлердің пайдасына қолдануға мүмкіндік береді.


Жоғары қарай