Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда болған өрт оқиғаларының басты себебі неде

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 15:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті басқарма төрағасының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев елімізде өрт оқиғаларының туындауының басты себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі өрт оқиғаларының негізгі үлесі тұрғын үй секторына тиесілі, ол 58% пайызды құрайды және 18% пайызы көліктермен байланысты. Жалпы елімізде осы күнге дейін болған өрттің негізгі салдарына келсек, 34% пайызы (2,5 мыңнан астам жайт) электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр. Сонымен қоса 29% пайызы (2 мыңнан астам жайт) от жағу кезінде адамдардың абайсыздығынан болады және 12% пайыз пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзумен байланысты», - деді Т. Мәдиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ТЖМ өкілі жоғарыда атап өткен өрт салдары бойынша мысалда келтірді.

«Биыл 16 қыркүйекте Қостанай қаласында жеке тұрғын үй аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде гараж жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылған. Салдары тиісті ереженің сақталмауы. Өкінішке қарай, күйік алған екі ересек адам ауруханада қайтыс болды. Бүгінде аталған оқиғаның мән-жайын Қостанай қалалық полиция департаменті қарап жатыр», - дейді ол.

Бұған дейін комитет басшысы Қазақстанда өрт оқиғалары 7,8 пайызға дейін азайғанын айтты.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-ort-okigalary-7-8-payyzga-azaydy-tzhm_a3839687


Жоғары қарай