Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда бубон обасының таралу қаупі бар ма

2020 жылдың 21 шілде 2020 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бубон обасының таралу қаупі бар ма? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша оба өкпе формасына өтіп кетпесе бубон обасы адамнан адамға жұқпайды. Аталып өткендей, Қазақстанда обаның табиғи ошақтары бар.

«Бүкіл елдегі обаға қарсы санитарлық қызметтер санитарлық алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жағдайды бақылауында ұстап отыр. Ал Моңғолиядан бубон обасын қазақстандықтардың жұқтыру ықтималдығы төмен. Тек обаның өкпе формасын жұқтырған немесе оның ауыр формасымен ауырған адам біздің елге келмеуі керек», - деді Ажар Ғиният.

Айта кетерлігі Моңғолияда бубон обасының таралуына байланысты карантин енгізілген болатын.
Жоғары қарай