Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда дәрі-дәрмек жеткізушілер арасында баға келісімі белгілері анықталды

2020 жылдың 8 шілде 2020 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәрілік заттарды өткізушілердің атына 152 хабарлама шығарылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетімен монополияға қарсы бақылау аясында республиканың 17 өңірінде республикада филиалы бар 43 көтерме өткізушілер мен 109 ірі бөлшек сауда желісінің атына дәрілік заттар бағасының негізсіз өсуіне байланысты бағалық келісім белгілерінің болуы туралы 152 хабарлама енгізілді», - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер жасағаны үшін табыстан (түсімнен) 3-5 пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген.


Жоғары қарай