Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне үстемақы төленеді

2021 жылдың 15 қазан 2021 14:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылдан бастап мектеп қабырғасындағы спорттық секцияны өткізетін дене шынықтыру пән мұғалімдеріне қосымша үстемақы төленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спорттық секциялар ашып балалар спортын дамытамыз дейміз, бірақ оның екінші жағы бар. Оны жүргізетін адамның еңбегін ұмытпаған жөн. Сондықтан да спорттық секция жетекшілерінің жалақысына қосымша 17 мың теңге үстемақы төленеді. Балаларға арналған спорттық секция аптасына 3 рет өтіп тұруы тиіс. Оны мектептің дене шынықтыру пәні жүргізеді. Бұған дейін спорттық секциялар тегін түрде өткізілетін, ендігі уақытта оған қосымша үстемақы төленеді. Оқуышыларда таңдау болу үшін спорттың барлық түрін қамтуға тырысамыз. Оның ішінде футбол, волейбол, баскетбол, шахмат және тағы басқа. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері де бар», - деді А. Аймағамбетов елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

Мининстрдің айтуынша, аталған жаңашылдық биыл қыркүйек айынан бастап қолға алынды.

«Біздің мақсат – балаларды көптеп спортқа тарту, баулу. Спортты ілгерілетуге қатысты жұмысты Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп жүргізетін боламыз», - дейді ол.

Бұған дейін А. Аймағамбетов ендігі уақытта орта білім беру мектептерінде бір емес бірнеше спорт залдан болатынын айтты.



Жоғары қарай