Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда экспортерлерге арналған бірыңғай цифрлық терезе пайда болады

2020 жылдың 26 қазан 2020 15:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда экспортерлерге арналған бірыңғай цифрлық терезе пайда болады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылым ұсынатын мемлекеттік қолдау шараларының бәрін де біріктіруді көздеп отырмыз. Осылайша export.gov.kz порталы - Digital Export бірыңғай цифрлық терезеге айналады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Министр сонымен қатар бұл бағытта Сбербанк және АльфаБанкпен бірге екі пилоттық жоба басталып кеткенін жеткізді.

«Экспортерлер электронды түрде өтінім жіберіп, шығындарын өтей алады. Бұл бағыттағы жұмыс шығынды өтеу жеңілдігін 7 күннің ішінде алуға көмектеседі. Қазір бұл өтінім бойынша көмек көрсету 25-30 күнге дейін созылады. Ары қарай басқа да банктердің қатысуымен қызмет түрлерін арттыру көзделуде», - деді ол.


Жоғары қарай