Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда электр стансасында өрт шыққаны туралы фейк видео тарады

2021 жылдың 24 мамыр 2021 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік аумақтық электр стансасында өрт шыққаны туралы ақпарат жалған. Мұндай мәліметті Төтенше жағдайлар министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде мемлекеттік аумақтық электр стансасында өрт шыққаны туралы бейнежазба тарады.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратты тексеріп, еліміз бойынша ондай деректің тіркелмегендігін хабарлайды.

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Қазақстан аумағындағы барлық мемлекеттік аудандық электр станциялары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.



Жоғары қарай