Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда электронды ақшамен жасалатын операцияларға лимиттер белгіленеді

2020 жылдың 15 шілде 2020 18:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 17 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, Заң «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында әзірленді.

Құжат ақшаны жылыстату, елден капиталды шығару және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл тәуекелдерін төмендету үшін банктік емес қаржы ұйымдарының қызметін реттеуді жетілдіруге бағытталған нормаларды қамтиды.

Заң Ұлттық банктің төлем ұйымдарының, төлем жүйелерінің қызметін реттеуді жетілдіру және банктік емес төлем ұйымдарының сервистерін заңсыз операциялар үшін пайдалануды болдырмау бөлігінде өкілеттіктерін бекітеді. Атап айтқанда: электрондық әмияндардың сәйкестендірілмеген пайдаланушылары арасында аударымдарға тыйым салу енгізіледі; электрондық ақшамен жасалатын операцияларға әр түрлі лимиттер белгіленеді; заңсыз операцияларға қарсы іс-әрекет мақсатында төлем жүйелерінің операторлары үшін міндеттер белгіленеді; дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға өздерінің төлем операцияларына қызмет көрсету үшін электрондық әмияндарды пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Сонымен қатар Заң Ұлттық банктің кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алудың шекті мөлшерін және белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алу тәртібін реттеу жөніндегі өкілеттіктерін бекітеді.


Жоғары қарай