Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда «Электрондық сертификаттау» және «Қауіпті өнім» сервистері іске қосылды

2021 жылдың 12 тамыз 2021 12:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда министрлігінің алқа отырысында вице-министр Әсел Жанасова іске қосылған пилоттық жоба – электрондық сертификаттау сервисі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пилоттық жобаның өзі тұтынушылар үшін елдің ішкі нарығындағы өнімнің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған және 2021 жылғы 12 сәуірде іске қосылды.

Жобаның негізгі мақсаты - өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің талаптарға сәйкестігіне сынақтар жүргізу кезінде САПАНЫҢ ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету.

Әсел Жанасова атап өткенде, электрондық сертификаттауға көшу сертификаттау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, құжаттардың жалғандығы мен жасандылығын болдырмауға, сондай-ақ аккредиттелген ұйымдардың сертификаттар беру бөлігіндегі жұмыс сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Техникалық реттеу саласын цифрландыру туралы айта келе, вице-министр әзірленген «Қауіпті өнім» сервисі туралы да айтты.

Сервис Техникалық реттеу және метрология комитеті тарапынан техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы ақпараттандыру мақсатында құрылған және өнімді бақылау процесін цифрландыруға әрі қауіпсіз емес өнімнің таралуын жедел болдырмауға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік бақылау/қадағалау органдарының - ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау комитетінің толтыруы үшін тиісті нысан пысықталуда» - деді Ә. Жанасова.


Жоғары қарай