Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда фармацевтика өнеркәсібін дамытудың жол картасы жасалады

2021 жылдың 26 ақпан 2021 11:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда фармацевтика мен химия өнеркәсібін 2025 жылға дейін дамытуға арналған жол картасы жасалады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фармацевтика және химия өнеркәсібі бойынша 2021-2025 жылдарға арналған даму жол карталары бекітіледі. Бұдан басқа, фармацевтикалық кәсіпорындардың клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтар жүргізуге, сондай-ақ GMP стандарттарын енгізуге арналған шығыстарын субсидиялау мәселесін пысықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл ЕАЭО нарығында дәрілік заттарды тіркеу бойынша отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады», - деді Бейбіт Атамқұлов Сенатта өтіп жатқан «ҚР өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Сондай-ақ, елде дәрілік заттардың құнын төмендету мақсатында бірқатар импортталатын субстанциялар мен шикізатқа кедендік баждарды төмендету мәселесін пысықталмақ.

Жоғары қарай