Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда газ баллоны жарылысынан қанша адам қаза тапты

2021 жылдың 29 қараша 2021 15:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ-ауа қоспасының тұтануы, тұрмыстық баллондардың жарылуы және газбен улану бойынша 55 жағдай тіркелген. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлікке келіп түскен ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта еліміздің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ-ауа қоспасының тарсылы мен тұтануы, тұрмыстық баллондардың жарылуы және газбен улану бойынша 55 жағдай тіркелген (2020 жылы – 67 жағдай), оның ішінде 33 газ-ауа қоспасы тарсылы, 16 тұрмыстық баллондардың жарылуы, 6 газбен улану бар. Барлығы 86 адам зардап шекті, оның ішінде 14 бала бар, 21 адам қайтыс болса, оның ішінде 3 бала бар», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, жоғарыда аталған 55 жағдайдың 36-сы тұрмыстық баллондарды пайдаланумен және олардың ақауымен тікелей байланысты.

Сондай-ақ, тұрмыстық газ баллондарының айналым тетігін және онымен байланысты процестерге (май құю, тасымалдау, көп мәрте қолдану және есептен шығару) талдау жүргізілген.

«Бұл талдау баллондар апатымен байланысты көптеген проблемаларды көрсетеді, олардың ең өзектісі мыналар:

- елде халық пайдаланатын ескі және мерзімі өткен баллондар көп, оларды толтыру заңсыз жүргізіледі;

- баллондар паркі ескірген;

- айналымдағы баллондарға есеп жүргізілмейді;

- баллондарды заңсыз толтыратын газ компаниялары бар;

- баллондарды толтыру және пайдалану процесінде қауіпсіздік талаптары еленбейді», - деп түсіндірді М. Пішембаев.


Жоғары қарай