Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда газбен жабдықтау нысандарында 1 мыңнан астам кемшілік анықталды

2021 жылдың 29 қараша 2021 16:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы газбен жабдықтау объектілерін тексеру барысында мыңнан астам бұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері 10 айда өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары газбен жабдықтау объектілеріне 103 тексеру, оның ішінде кесте негізінде ерекше тәртіп бойынша 66 тексеру және жоспардан тыс 37 тексеру жүргізді, нәтижесінде 1 053 бұзушылық анықталды. Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 13 жеке және 63 заңды тұлғаға 76 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды және жалпы сомасы 9 млн теңгеден астам айыппұл салынды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, биыл министрліктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері өңір әкімдіктерімен бірлесіп осы салаға қатысты 953 қоғамдық орындарды аралаған. Бірлескен шара барысында халыққа және газ өткізетін кәсіпорындарға 2 мыңнан астам жадынама мен өзге де ақпарат таратылған.

Бұған дейін вице-министр Қазақстанда газ баллоны жарылысынан қанша адам қаза тапқанын айтқан еді.

Сондай-ақ, халықтың көпшілігі газ баллондарын жақын маңдағы жанармай құю бекетінен заңсыз толтырады.


Жоғары қарай