Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады

2020 жылдың 29 қазан 2020 15:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ретке келтіру бойынша инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін ретке келтіру бойынша Инжиниринг және цифрлық трансформация орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде мемлекеттік органдарда көптеген ақпараттық жүйелер жұмыс істейді. Бұл - жақсы да емес, жаман да емес, жай ғана факт. 15 жылда біз көптеген ақпараттық жүйелерді құрдық, бұл бізге БҰҰ рейтингінде белгілі бір жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. БҰҰ электронды үкіметті дамыту рейтингінде біз үздік отыздыққа кіреміз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бірақ, министр белгілі бір тексеру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Кей жүйелер ескірген, қолданыстан шыққан немесе пайдаланушылардың қазіргі талаптарына сәйкес келмейді деген пікірлер бар. Сондықтан біз осы орталықты құрып, мемлекеттік органдардағы белгілі бір ақпараттық жүйелерді құратын компанияларға ықпал ету үшін министрлік пен «Зерде» холдингінің рөлін күшейтеміз. Бұл нақты не береді? Біз цифрландыруға енер алдында барлық бизнес процестерді нақты жазып шығамыз. Барлық цифрландыру процестеріне сәйкес келетін бірыңғай заманауи IT архитектурасы мен келісімі болады», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.


Жоғары қарай