Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Қазақстанда Канада күні аталып өтті

2019 жылдың 2 шілде 2019 19:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 1 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Канада елшілігі Канада күнін атап өтті. Мерекелеуге 300 қонақ - мемлекеттік және жеке сектор, халықаралық қоғамдастық және азаматтық қоғамдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Канада күнінің тарихы 1867 жылдың 1 шілдесінен бастау алады. Сол күні Британиялық Солтүстік Америка туралы Актіге қол қойылған. Іс-шара барысында ҚР-дағы Канада елшісі Николас Бруссо мен ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев екі ел арасындағы достық қатынас пен экономикалық серіктестіктің дамып жатқанын ерекше атап өтті.

Қазақстан мен Канада 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1994 жылы Канада Қазақстанда өзінің дипломатиялық өкілдігін ашты. Канада инвестиция көлемі 3 млрд доллардан астам қаржымен Қазақстандағы 15 ірі инвестор қатарына кіреді. Қазақстан мен Канада арасындағы сауда айналымы көлемі жылына 550 млн долларға жетіп отыр.



null

«Канада мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас арта түсті, біздің елшілік нығайған ынтымақтастыққа сәйкес болу үшін соңғы екі жылда айтарлықтай жұмыстар атқарып жатыр», - деп мәлімдеді канадалық дипломат.

Мерекелеу рәсімі демеушілердің қолдауының арқасында өтті: Cameco, Казцинк, Polycorp, Condor Petroleum, Bourgault Industries, Оңтүстік Альберта технологиялық институты (SAIT) және AG First Cultural Tours.




null

Жоғары қарай