Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда қанша әйел тергеуші бар

2021 жылдың 25 тамыз 2021 20:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде елімізде қылмыстық тергеу саласында 300-ден астам әйел қызметі етіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, шараны ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті ұйымдастырды.

Аталған кездесудің құрметті қонақтары Амангелді Рысқалиев Д.И.Курский атындағы Саратов заң институтының түлегі, ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы судьясы, Қазақстанның облыстық соттарының бұрынғы төрағасы, Құрмет ордені мен басқа да көптеген награда иегері.

Иманәлі Байдәулет медицина ғылымының докторы, И.М.Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» мамандығының түлегі, медицина полковнигі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты, Құрмет орденінің иегері.

Есберген Алауханов А.А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің түлегі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, жазушы, құқықтық ілімдерінің жаттықтырушысы.

«Тәуелсіздік алғалы Ішкі істер органдары оның ішінде тергеу қызметі саласында бірқатар реформалар жүзеге асып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қылмыстық процесті тергеудің үш буынды моделі енгізілді. Биыл 7 айдың ішінде тергеушілер мен анықтаушылар қадағалаушы органдардармен бірлесіп 170 мыңнан астам шешім қабылдады. Нәтижесінде қылмыстық істерді қосымша тергеуді азайту мүмкіндігіне қол жетті», - деді Санжар Әділов.




Оның айтуынша, Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, елімізде әйел тергеуші мамандарды әзірлеу жолға қойылды.

«Қазіргі уақытта республика бойынша 300-ден астам әйел тергеуші еңбек етіп жатыр. Елімізде орын алатын қылмыстың істің 95 пайызынан астамы тергеушілердің алдынан өтеді. Тағы бір жаңашылдық, Ішкі істер органдарында қылмыстық сот істі электронды форматта жүргізу қолға алынды. Мәселен, биыл 7 айдың қорытындысы бойынша қылмыстық тергеудің 70 пайыздан астамы электронды форматта өтті», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елордада ҚР Конституция күніне орай Сот саласы ардагерлерінің жас тергеушілермен кездесуі өтті.


Жоғары қарай