Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда қанша шағын кәсіпкер бар

2020 жылдың 4 желтоқсан 2020 10:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл қазандағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес саны 1 млн 300 мыңнан асты. Бұл туралы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны өсіп келеді. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олардың саны 1 млн 300 мыңнан асты, Бұл өз кезегінде оңтайлы нәтиже. Сонымен бірге, отандық ШОБ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегі осы сектордан өзгешелеу болып тұр. Бізде әзірге технологиялық стартаптар, өндіріспен айналысатын экспорттаушылар мен шағын және орта кәсіпорындар жеткіліксіз», - деді М. Әшімбаев Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қызметі ретінде сауда саласы қалып отыр. Бұл бағытта субъектілердің үштен бірі және ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандардың үштен бірі қызмет етіп жатыр.

«Бұдан бөлек, кәсіпорындардың елеулі үлесі толықтай немесе ішінара көлеңкеде жұмыс істеп отыр. Оны мойындау керек. Экономикада шағын және орта бизнес үлесін арттыру үшін бұл секторды көлеңкеден шығарып, оның сапасын арттырып, әртараптандыру маңызды», - деді Сенат Төрағасы.


Жоғары қарай