Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда карантин шараларын жеңілдету мәселесі пысықталуда

2020 жылдың 21 шілде 2020 18:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда карантин шараларын жеңілдету мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде тұрақты деңгей 1600-1700 адам деңгейінде (күніне тіркелетін науқастар саны) сақталып тұр. Бұл көрсеткіш нашар жағдай емес. Әзірге бірдеңе деп болжау қиын. Алайда біз жағдай тұрақталар деген сенімдеміз. Жалпы біздің бұған дейінгі болжамымыздың пессимистік сипаты болғанын білеміз. Диманика бар. Ары қарайғы ахуал не болар деген сұрақ біз үшін маңызды. Қазір ары қарай не істейміз деген сұрақ төңірегінде жоспар құрып жатырмыз. Карантинді қалай әлсіретеміз, жағдайды ұстап тұру үшін қандай қадамдарды жасау керек – бәрі зерттелуде», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін министр Қазақстан түрлі елдерден коронавирусқа қарсы вакцинаны салып алу мәселесін зерттеп жатқанын хабарлаған еді.



Жоғары қарай