Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда қатаң карантин шаралары қайтадан енгізіле ме

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «Қазақстанда карантин қайталануы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин инфекцияның таралуын азайту үшін және ең бастысы – денсаулық сақтау жүйесіндегі шамадан тыс жүктемеге жол бермеу үшін енгізіледі», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, спикер қандай жағдайда қайтадан локдаун болуы мүмкін екенін хабарлады.

«Егер ауруханалардағы төсек-орындардың 70%-дан асса, бұл денсаулық сақтау жүйесіне жоғары жүктеме артылғанын көрсетеді. Мұндай жағдайларда карантин енгізіледі. Ол карантиннің қашан енетінін ешкім нақты атай алмайды. Мұның бәрі өзіміздің қаншалықты вакцина алатынымызға байланысты», - дейді А. Есмағамбетова.


Айта кетейік, 27 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Қазақстан Республикасында 181 117 адамда КВИ+ және 47 575 адамда КВИ- анықталды. КВИ+ бойынша 163 156 адам және КВИ- 35 348 адам жазылып шыққан. Жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орынның 31% (6 492 орын) толған, ал жансақтау бөлімінің 20%-ында 374 адам хал үстінде жатыр.



Жоғары қарай