Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда көктемгі аңшылық маусымы ашылды

2021 жылдың 4 наурыз 2021 17:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда көктемгі аң аулау маусымы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Көктемде тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісі қорықшысының бақылауымен қоңыр аю, үйрек, қара торғай және тізімде көрсетілген басқа да жануарларды аулауға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген аң аулау қағидаларының 19-тармағы негізінде аң аулау маусымының басталуы туралы бұйрық шығарады.
Көктемгі аң аулау ережелеріне сәйкес, үйректі аулауға тек аңшыда жасанды үйрек немесе тұлыбы болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал әуесқой (спорттық) аң аулау тек бекітілген аңшылық алқаптарында ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, бұл бекітілген аңшылық алқаптарға баруға жолдама қажет.
Егер жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидалары бұзылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не әкімшілік құқық бұзушылық құралдары тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза көзделген.


Жоғары қарай