Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коменданттық сағат енгізіле ме – министрдің жауабы

2020 жылдың 20 наурыз 2020 18:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанда коменданттық сағат енгізілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде коменданттық сағат енгізілмейді және бұл мәселе талқыланбайды да. Вирусты инфекцияның таралу қаупін азайтуды қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай режимі де жеткілікті», - деді министр.

Сондай-ақ Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков коменданттық сағат қандай жағдайда енгізілетінін түсіндірді.

«Коменданттық сағат енгізу Төтенше жағдай туралы заң негізінде жүзеге асады. Оны енгізу үшін заңда көрсетілген он шақты негіз болуы керек», - деді Олжас Данабеков.


Жоғары қарай