Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда корей фильмдерінің фестивалі өтеді

2021 жылдың 19 сәуір 2021 21:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 21-25 сәуір аралығында корей фильмдерінің онлайн фестивалі өтеді. Іс-шараны Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бес күнге жалғасатын аталған іс-шара аясында Корей мәдени орталығының ресми сайтында танымал корей режиссері Пон Джунхоның «Паразиттер» фильмі көрсетіледі.

Айта кетейік, «Паразиттер» триллер элементтері бар комедиялық-драмалық фильмі Оскардың 6 номинациясына ілінген еді.

Нәтижесінде, 2020 жылы шығармашылық топ «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік түпнұсқа сценарий», «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациялардында 4 мүсіншені иеленді.

Фестивальдің мақсаты – Қазақстан халқын корей кинематографы саласымен жақын таныстыру.

«Біз пандемияға қатысты ахуал барынша жылдам жақсарғанын тілейміз. Биыл маңызды дата, яғни Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түрлі іс-шаралар ескерілген. Жалпы, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдениет саласындағы байланыстар түрлі іс-шаралар арқасында жанданады деп сенеміз. Бұл тұрғыда екі ел халқының терең өзара түсіністігіне ықпал ететін болады», - деді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.


Жоғары қарай