Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 30 адам көз жұмды

2021 жылдың 24 қараша 2021 08:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пен коронаирус белгілері бар пневмониядан 30 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 қарашадағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 288 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар – 82127, қайтыс болды – 5129, жазылып шықты 72994 науқас.

Сондай-ақ министрлік дерегіне сәйкес, 23 қарашадағы бір тәулікте коронавирус 905 адамнан анықталды, 26 адам көз жұмды.

2020 жылғы 13 тамыздан барлығы: ауырды – 966 423, жазылды – 929 120, қайтыс болды 12 603 адам.

Айта кетейік, кеше коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болғанын жазған едік.





Жоғары қарай